USD
USD
USD

Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев орнынан кетті

Алматы әкімнің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қызметінен кетті.

Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев орнынан кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол бір жылдан астам уақыт әкімнің орынбасары болып жұмыс істегенін Facebook парақшасында жазды және сол аралықта өзімен бірге жұмыс істегендердің барлығына алғысын білдірді.  

«Мен нағыз кәсіпқой адамдармен және өз салаларының білгір мамандарымен қатарласа жұмыс істедім. Бірақ, ерекше алғысымды Алматы қаласының тұрғындарына білдіргім келеді. Алматылықтардың ерекшелігі - олар қаланың мәселелері мен міндеттеріне бей-жай қарамайды. Әр түрлі әлеуметтік мәселелерде ерекше азаматтық жауапкершілік пен белсенділік көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Менің инвестициялар мен кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы тәжірибем, қазіргі таңда уақытымды арнауға ниеттеніп отырған бизнес саласында өзімді шыңдауға көмектеседі деп ойлаймын», - деп жазды Сапарбек Тұяқбаев.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті