USD
USD
USD

Алматы әкімі зардап шеккен алматылықтармен кездесті

Олардың барлығына қолдау көрсетіледі.

Алматы әкімі зардап шеккен алматылықтармен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде шерушілердің қолынан зардап шеккендер жатқан қаланың клиникалық ауруханаларының бірінде болды, деп жазды inbusiness.kz.

Қала әкімі зардап шеккендерге қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін алғыс айтты.

“Барлығына қолдау шаралары көрсетіледі”, – деді әкім.

Сонымен қатар шаһар басшысы алматылықтардың атынан сол күндері өз денсаулықтары мен өміріне қарамастан ортақ мүддені сақтап қалып, қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендердің барлығына алғыс білдірді.

“Бүгінде Алматы қирағаннан кейін қалпына келтіріле бастады, біртіндеп тіршілік үйреншікті арнаға қайта оралуда” – деп атап өтті спикер.

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік