USD
USD
USD

Алматы әкімі тұрғындарға үндеу жолдады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы карантин талаптарына қатысты түсінік берді.

Алматы әкімі тұрғындарға үндеу жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Үкімет отырысынан соң қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіле түспек.

«Қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты Үкімет эпиджағдайды тұрақтандыру бойынша жаңа шараларды қолға алды. Осы орайда Алматыда да карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды. Сенбі-жексенбі, яғни 20-21 маусым күндері ірі сауда және қызмет көрсету нысандарының қызметі тоқтатылады. Бұған қоса саябақтар, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағы, өзендер мен су қоймаларының жағалаулары, тау шаңғысы курорттары және басқа да қоғамдық орындар жабылады», – деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әкім карантин шараларын босаңсыту COVID-19-дың өршуіне әкеп соққанын айтты.

«Осыған байланысты қала тұрғындарын бұл жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырамын. Карантин шараларын босаңсыту – COVID-19-дың өршуіне әкеп соқты. Қала тұрғындарынан көшеде жүруін шектетуін сұраймыз. Әсіресе қарт адамдардың үйде отырғаны абзал. Қауіпі дендеп бара жатқан мына ауруды тұншықтыру өзімізге байланысты екенін естен шығармайық. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 1308 нөміріндегі call-орталыққа хабарласуға болады», – деді қала басшысы.

 

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова