USD
USD
USD

Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды

Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.

Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бастаған қала жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздіктің 29 жылдығына орай Республика алаңында коронавирус пандемиясына байланысты 100 адам шамасында ғана халық жиналды.

Салтанатты шара әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.

Алматы әкімінен бөлек, Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қоюға ардагерлер кеңесі, саяси партиялар мүшелері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары, жастар ұйымының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері келді.

Алаңда Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері салтанатты сап түзеді.

Тәуелсіздік монументі ҚР Тұңғыша Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 16 желтоқсанда ашылды. Бұл мәдени нысанды жасауға атсалысқан топты белгілі сәулетші, Шота Уәлиханов басқарған болатын.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко