USD
USD
USD

Алматы әкімі автобуста зейнеткерге араша түскен қызды марапаттады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 15 жастағы Жаннұр Нұржанға қоғамдық көлікте қарияға көмек көрсету кезіндегі мейірімділігі мен батылдығы үшін грамота мен естелік сыйлық табыс етті.

Алматы әкімі автобуста зейнеткерге араша түскен қызды марапаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мен сіз түсірген бейнені желіден көрдім және көптеген алматылық сияқты бұл оқиға да мені де бей-жай қалдырмады. Бір жағынан, ол жолаушылардың әрекетіне қынжылдым, ал екінші жағынан, сіздің әрекетіңізге риза болып, өзіңізбен мақтандым», - деді әкім кездесу барысында.

Қамқорлықтың үлгісін көрсеткен жас қыздың батылдығы жұртты сүйсінтті. Алматы қаржы-экономикалық колледжінің 2-курс студенті өзін қолдағандарға алғыс айтып, барлық адамға қамқорлық көрсетуге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматының 119-шы маршрутында қарт адам тосап салынған құмыраны байқаусызда сындырып алды. Кейбір жолаушылар оны айыптай бастағанда, жасөспірім зейнеткерді жақтап, автобустың еденін киімімен сүртті. Бейнеролик әлеуметтік желілерді тарап, Жаннұр Нұржанды қолдаған жүздеген пікір жазылды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс