USD
USD
USD

Алматы әкімі АҚШ Сауда палатасының өкілімен кездесті

Кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев пен АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Куш Чоксимен экономикалық байланыстарды нығайту және қаланың бизнес-экожүйесін дамыту мәселесін талқылады.

Алматы әкімі АҚШ Сауда палатасының өкілімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы республиканың ірі қаласы және қаржы орталығы ретінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда мен инвестицияларды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Қалада 128 бірлескен кәсіпорын мен 399 америкалық компания бар, ал Қазақстанда барлығы 695 компания тіркелген.

Қала басшысы атап өткендей, Алматы инвестициялық тартымды болып қала береді және мұны халықаралық агенттіктердің рейтингтері растайды. Шағын және орта кәсіпорындар қала экономикасының шамамен 60% алады және оның өсуінің негізгі қозғаушы күші болып табылады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту, инвестициялар тарту және Алматы мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту туралы уағдаласты.

Қазір оқып жатыр

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ертіс