Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы әкімдігі тұрғындардың шетелге шығуына неге қарсы?

Алматы әкімдігі әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты тұрғындарды шетелге шықпауға шақырды.

Алматы әкімдігі тұрғындардың шетелге шығуына неге қарсы?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жауапты құрылымдармен бірлесіп, коронавирус инфекциясының таралмауына жол бермеу үшін елімізге шетелден келген азаматтарды бақылауға алған.

«Алматы әуежайына халықаралық рейстермен ұшып келген ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы жылдың 27 қазаны мен 3 қараша аралығында шетелден Алматыға 7 682 жолаушысы бар 51 әуе рейсі ұшып келді. ПТР анықтамасы жоқ 258 жолаушы анықталды. Олар карантин мекемелеріне оқшауланды. 219 жолаушының ПТР-тестісі теріс нәтиже көрсетсе, 39 жолаушының тест нәтижесі тексеріліп жатыр», – делінген өңірлік коммуникация қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі тұрғындарды шетелге шықпауға шақырды.

«Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын шетелге шығуды тоқтата тұруға шақырады. Тұрғындар барлық санитарлық-эпидемиялық талапты сақтауы керек: маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Әсіресе, 65 жастан асқан адамдарға үйден шықпау ұсынылады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар