USD
USD
USD

Алматы әкімдігі: маска бағасын негізсіз көтерсе, хабарласыңыз!

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қала әкімдігі баспасөз орталығының брифингінде қорғану маскаларымен камтамасыз ету және жеке қорғану құралдарына бағалардың өсуіне жол бермеу бойынша шаралары туралы хабарлады

Алматы әкімдігі: маска бағасын негізсіз көтерсе, хабарласыңыз!
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Алматы дәріханаларына күніне жалпы көлемі шамамен 80 мың дана маска жеткізілетін болады. Маскалар Алматының барлық 8 ауданына мегаполистің 48 ірі дәріханаларына күн сайын жеткізілетін болады. Жеткізілетін маскалардың көлемі, сондай-ақ дәріханалардың тізімі әрі қарай кеңейтілетін болады, бұл туралы оңтүстік астана әкімдігі қосымша хабарлап отыратын болады.

Бүгінгі күні, бір рет қана пайдаланылатын үш қабатты масканың құны 87 теңгені, бұрышты маскалар – 111 теңгені құрайды.

Қала дәріханалары маскалардың бағаларын негізсіз көтерген жағдайда: Қойшыбаев Әмірхан 87010446464, Қуанышев Бекжан 87751029632, Шингожинов Чингиз 87012329838 жедел желі телефондары бойынша өтініш жасауды сұраймыз.

Қазір оқып жатыр

TikTok-тағы уағыз: жастар діни ақпаратты кімнен алып жүр?

ТТ уағыз

Прокуратура Байбектің компаниясының мүддесін қорғады

Бауыржан Байбек

Тоқаев: Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев

Сербияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қазақстан азаматы