Алматы әкімдігі ғимаратына келтірілген шығын есептелді
Алматы әкімдігі ғимаратына 20 млрд теңге көлемінде шығын келген. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында айтты.
Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде келген шығын есептеліп жатыр.
Алдын-ала есеп бойынша шығын көлемі – 112,6 млрд теңге. Оның 67 млрд теңгесі бизнес субектілеріне тиесілі.
Алматыдағы бүліктен кейін 240 нысан зардап шекті.
Басым бөлігі есік- терезесін ауыстыруды қажет етеді және жартылай өртенген нысандар бар.
Оның 27-і - мемлекеттік мекеме ғимараты, 216-ы - шағын және орта бизнес нысаны.
«Әкімшілік ғимараттарға 22,6 млрд теңге шығын келді.Алматы әкімдігі ғимаратына – 20 млрд теңге, прокуратура ғимаратына – 2 млрд, полиция департаменті мен бөлімшелеріне – 205 млн, экобекеттерге -163 млн, медицина нысандарына – 2 млн теңгенің шығыны келген»,- дейді ол.