USD
USD
USD

Алматы әкімдігі: Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермейміз

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мегаполис тұрғындарын дүкендерде дүрбелең туғызбауға шақырды.

Алматы әкімдігі: Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермейміз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні өздеріңіз дүрліккен іс-әрекеттеріңіз арқылы бағаның өсуіне ықпал етудесіздер. Бұл бар болғаны уақытша нарықтық жағдай: өнімге деген артық қажеттілік тауар жеткізушілерге және басқаларына қосымша табыс табуға мүмкіндік беруде», – деп түсіндірді Еркебұлан Оразалин.
Бұдан өзге, қалалық басқарма тарапынан азық-түлік тауарларының қымбаттауына жол бермеу үшін алдын ала пәрменді шаралар жүзеге асуда. Ең бастысы – жағдай бақылауға алынған.
«Біз осы іске қатысы барлардың бәрімен сөйлестік және процессті барынша қолда ұстаудамыз, дегенмен нарықтың өз қағидасы бар», – деді ол. Басқарма басшысы қала тұрғындарын тауар тапшылығын қолдан жасамауға шақырды. Дүкендердегі азық-түлік тауарларының басым бөлігі  отандық өнімдер екенін, сондықтан сөрелердің бос болмайтынын қадап тұрып айтты.
Айта кетерлігі, Алматының кәсіпорындары жыл сайын 241 мың тонна өнім шығарады. Олар – әлеуметтік нан, сүт өнімдері, өсімдік майы және басқалары. Қаланың жеке өндіріс орындары нанмен 100 пайыз қамтамасыз етуде.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

.

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Ерболат Досаев

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

.

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

КҚК