USD
USD
USD

Алматы әкімдігі автотұрақтар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді

Алматы әкімдігі "Алматы паркингіне" тиесілі қалалық автотұрақтар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Алматы әкімдігі автотұрақтар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімшілігі мәліметінше, қазір мемлекеттік кәсіпорын - мемлекеттік ақылы автотұрақтардың бірыңғай операторын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Автотұрақ аймақтарын ұйымдастыру, олардың санын ұлғайту мәселелері және баға саясаты мемлекеттік кәсіпорын - мемлекеттік ақылы автотұрақтардың бірыңғай операторын құру барысында пысықталады. Қазіргі уақытта қала меншігіне алу рәсімі жалғасып жатыр", - деді Алматы әкімі баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, әкімдік мәліметінше, "Алматы паркинг" компаниясы (Аparking, AlanParking) қалалық автотұрақтарды мемлекеттік бірыңғай оператор алғанға дейін қадағалайды. Әкімдік мәліметі бойынша, биыл 1 тамызға дейін жаңа бірыңғай оператор құрылады. Барлық автотұрақта әлі де тұрақ ақысы алынады, деп қосты қала әкімдігі өкілдері.

Бұған дейін "Алматы паркинг" компаниясы Instagram-парақшасында 7 мамырдан бастап барахолкадағы бірқатар базар мен "Нұрлы тау" бизнес орталығындағы тұрақ үшін төлем алынбайтынын хабарлаған болатын. Алайда кейінірек бұл жазба алып тасталды. Оның орнына мына ақпарат пайда болды:

"Солтүстік айналма жолдағы базарлар маңындағы автотұрақтар әдеттегідей жұмысын жалғастырады:

• "Нұрлы Тау" бизнес орталығы
• "Барыс" сауда орталығы
• "Олжа" сауда орталығы
• "Адем" сауда орталығы
• "Арлан"/"Қазына" сауда орталығы
• "Ялян" сауда орталығы
• "Алатау-1" сауда орталығы
• "Алатау-2" сауда орталығы
• "Болашақ" сауда орталығы
• "Ақ-Бұлақ" сауда орталығы

Көрсетілген тұрақтарда тұрақ ақысы қолданыстағы тариф бойынша алынады", - делінген "Алматы паркинг" компаниясының 7 мамырдағы соңғы есебінде.

Қазір оқып жатыр

Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстары келесі жылға шегерілді

мұнай-өңдеу зауыты

Құрылтай сайлауы: ОСК алдын ала нәтижелерді жариялады

Сайлау туралы заң

Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен бюджетке 30 млрд теңге түспей қалған

Ақша

Қазақстанда мектеп формасы жалпы инфляциядан 1,5 есе жылдам қымбаттаған

Қымбатшылық