Алматы ақылды қалалардың көш басында
Цифрлық жетілу – қаланың өз дамуында цифрлық шешімдерді енгізуге дайындығының негізгі көрсеткіші екенін атап өткен жөн.
Спикердің айтуынша, цифрлық трансформация – бұл жаһандық мақсат және цифрлық жетілу, оның негізгі белгілерінің бірі ретінде, барлық салаларда барлық деңгейде қол жеткізілуі тиіс. Бұл жағдайда цифрлық трансформация процесін сәтті деп атауға болады.
«Біз қаланы цифрландыруға ғана емес, тұрғындарымызға қолайлы жағдай жасауға, таланттардың дамуына жағдай жасауға және өмірлік белсенділігімізге жаңа технологияларды тартуға ұмтыла бастадық», - деп атап өтті басқарма басшысы.
Баспасөз конференциясы барысында Цифрландыру басқармасының басшысы әр үкіметтік ведомство деңгейінде сараптамалық кеңес құру туралы айтты.
«Бұл негізгі төрт бағыт: инфрақұрылымдық жобалар, қалалық бастамалар, мемлекеттік қызметтерді бағалау, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен құрылған АT-кеңес», - деп атап өтті ол.
Алматыны цифрландырудың негізгі жетістіктеріне тоқталған спикер мегаполистің бес жетістігін атады.
«Бұл тізімде Бірыңғай деректер базасы, Бірыңғай коммуникациялық кеңістік, шалғай аудандарда АКТ-ны инфрақұрылымдық дамыту, қала аудандарын экономикалық кластерлеу және Smart City Accelerator бар», - деді спикер.
Баян Қоңырбаев бірыңғай деректер базасының жобасы туралы айтты.
Оның көмегімен мемлекеттік органдар, коммерциялық ұйымдар мен академиялық институттар деперсоналдырылған деректермен алмаса алады.
Цифрландыру басқармасының басшысы бірыңғай деректер базасын әзірлеген кезде ұлттық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдардың деректермен алмаса алатын Сингапур тәжірибесін қолданғандарын айтты.
«Біз платформаны іске қостық және ол өзін жақсы көрсетті. «Алматы су», жылу желілері мен басқа да коммуналдық қызметтер бірыңғай стандарт бойынша мәліметтер базасының форматын жүргізе бастады. Бұл шын мәнінде үлкен жетістік», - деп атап өтті Баян Қоңырбаев.
2021 жылдың соңына қарай Цифрландыру басқармасы білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғауға қатысты деректерді жинауды жоспарлап отыр.
Бұл мемлекеттік органдарға жалпы форматта қандай мәселені басты назарда ұстауға болатынын көрсетеді.
Қазір оқып жатыр
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев
Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады