USD
USD
USD

Алматы айналасында тосқауыл бекеттері әзірге алынбайды

Кеше Алматы облысының тұрғындары мегаполиске баруға асықты, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірақ барлығы бірдей қалаға кіре алған жоқ. Бекет маңында ұзын сонар көлік кептелісі пайда болып, жиналған халық қалаға кіре алмай әлек болды.

Алматы айналасында тосқауыл бекеттері әзірге алынбайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл көріністер бүгін таңертең Алматы-Талғар тас жолы бойында түсірілді. Қалаға бет алған көлік нөпірі бірнеше шақырымға созылды. Ал тосқауыл бекетіне келіп тіреліп, қалаға кіре алмаған адамдардың реніші де, нақты себебі де жетерлік. 

Қала маңындағы 27 тосқауыл бекеті карантин аяқталғанша алынбайды. Барлық бекеттерде тәртіп сақшылары, дәрігерлер, аудандық әкімдік өкілдері мен әскерилер күзетте тұр. Ал жұмыс бабымен жүргендерді мазалаған сауалға премьер-министрдің орынбасары нақты жауап берді. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов: "Бұл посттар бүгін болғанымен, егер Алматы қаласында тұрып, Алматы облысында жұмыс істейтіндер болса, не болмаса Алматы облысында тұрып, Алматы қаласында жұмыс істейтін азаматтарға жұмыстарына баруға толықтай мүмкіндік бар.Оған ешқандай шектеу жоқ. Бірақ талаптар бар. Ол талаптар ең алдымен жұмыс істейтін азаматтардың тізімін жасау керек. Ол тізімді екі жақты штабтың азаматтарымен келісімге келу керек" деді.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер