Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы – Орал пойызы 6 сағатқа тоқтатылды

№51 Алматы – Орал (тальго) жолаушылар пойызы 9 желтоқсан түнде техникалық себепке байланысты тоқтатылды.

Алматы – Орал пойызы 6 сағатқа тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметі хабарлады. Ақауды жөндегеннен кейін Тобыл станциясынан 6 сағатқа кешігіп жөнелтілді.

Жолаушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, сондай-ақ Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушыларға ақшалай қаражатты қайтару және өтемақы төлеу жөнінде шаралар жүргізілетінін хабарлайды:

Пойызда жүруден бас тартқандар жол жүру құнын толық қайтарады;
Жүру жолында пойызбен сапарлаудан бас тартқан жолаушыға жүріп өтпеген қашықтық үшін жол жүру құны төленеді;
 Кешігудің әрбір толық сағаты үшін жолаушыларға 3% мөлшерінде өтемақы төленеді, бірақ жол жүру құнынан аспайды.
Өтемақыны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық