USD
USD
USD

Алматы: 147 нысан карантин талаптарын бұзған

Алматыда мониторингтік топтар 2-7 тамыз аралығында 840 нысанды тексерді, олардың 147-сінде карантин талаптары бұзылғаны анықталды.

Алматы: 147 нысан карантин талаптарын бұзған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің мәліметінше, бірнеше рет ескертуге қарамастан, кәсіпкерлер белгіленген жұмыс уақытын бұзуды, үйлену тойлары мен өзге де мерекелерді ұйымдастыруды жалғастыруда.

Сонымен қатар, инспекторлар қоғамдық көлікте тексеру жүргізіп, бетперде режимін бұзушыларды анықтауда. Аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен тұратын мониторингтік топтардың тексеру нәтижелері бойынша 63 хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға 2348 185 теңге сомасында 7 айыппұл салынды.

Жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 39 хаттама толтырылып, 494 035 теңге көлемінде айыппұл салынды. Алматыдағы сауда мекемелерінде, қоғамдық көліктерде және қоғамдық тамақтану орындарында COVID-19 бойынша эпидемияға қарсы талаптардың сақталуына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Мысалы, 5-8 тамыз аралығында заңды тұлғалар 83 заңбұзушылықты анықтады.

Өткен аптада бақылау топтары қоғамдық көліктерде маска режимінің сақталуын тексерді. 110 -нан астам автобус тексерілді, 23 адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Келесі автобус бағыттарында бұзушылықтар анықталды: 1, 98, 32, 123, 79, 11, 9, 45, 22, 135, 105, 201, 7, 126, 60, 114, 25, 5, 5В, 29, 65 , 37, 205, 224, 20, 148, 38, 62, 210, 45, 18.

Барлық материалдар тиісті шаралар қолдану үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімдеріне жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика