USD
USD
USD

Алматы: 130 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 201 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті.

Алматы: 130 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 21 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 292 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 273, симптомсыз – 19 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 123, келіп түскені – 136.

«Инфекциялық стационарларда 1 201 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2 334), оның ішінде 34 бала емделуде», – деп нақтылады.

Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 130 адам жатыр. Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 77 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 691 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2 591 науқас. 100 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай

Сауда министрлігі 17 жанармай құю бекетіндегі бензин сапасын тексеріп жатыр

Бензин сапасын тексеру

Непалдағы су тасқынында хабар-ошарсыз кеткендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Непал

Кәсіпкер көп, спортшы аз: жаңа Құрылтайға кімдер келді?

.