USD
USD
USD

Алматы: 122 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 1368 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті.

Алматы: 122 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 17 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 318 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 286, симптомсыз – 32 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 16, келіп түскені – 67 «Инфекциялық стационарларда 1 368 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 28 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 122 адам жатыр. Ал 21 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 66 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

High flow-да 26 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 971 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2853 науқас. 118 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Аша Матай, Бейбіт Әлібеков және Азат Перуашевсыз: Партиялар Құрылтайға баратын депуттар тізімін жариялады

Депутаттар

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan