USD
USD
USD

Алматы: 122 мың қария вакцина алған

Алматы қаласында бір тәулікте  3 423 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осындай  мәлімет берді. 

Алматы: 122 мың қария вакцина алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «18 қараша күні 3 423 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 874, II компонентін – 1 549 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 18 қараша аралығында қалада 1 015 141 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 967 790 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 739 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан. Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 екпе бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе