USD
USD
USD

Алматы: 1000-ға жуық адам қар тазалауға шықты

Алматыда қар жауып, мыңнан астам адам тазалауға шықты.

Алматы: 1000-ға жуық адам қар тазалауға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда 16 қараша күні кешкі сағат 17:00-де жауа бастаған қар 17 қараша таңғы сағат 04:20 шамасында тоқтады. Осы аралықта қалаға 4-5 см, таулы аудандарда 8-10 см дейін қар түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жол айрықтарға арнайы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүргізілді.

Түнгі уақытта 498 бірлік техника, оның ішінде 155 құм себу көлігі, 490 жұмысшы жұмылдырылды. 17 қараша күні 549 техника мен 1298 жұмысшы жол тазалауға шықты.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ «қалташаларын», саябақтар мен скверлерді тазалау жұмыстары жалғасуда.

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын қадағалау бойынша тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Дәрігер мен науқас