Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Алматы-2 – Достық» бағыты бойынша қосымша пойыз сапарға шығады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар тарапынан сұраныстың артуына байланысты жазғы маусымға аптасына екі рет қатынайтын «Алматы-2 – Достық» бағыытындағы № 221/222 қосымша коммерциялық жолаушылар пойызын іске қосты. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

 «Алматы-2 – Достық» бағыты бойынша қосымша пойыз сапарға шығады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол Алматы-2 стансасынан 2021 жылдың 15 маусымынан 28 тамызына дейін сейсенбі және сенбі күндері жөнелтіледі;

- Достық стансасынан 2021 жылдың 16 маусымынан 29 тамызына дейін сәрсенбі және жексенбі күндері келуімен/жөнелтілуімен;

- Алматы-2 стансасына 2021 жылдың 17 маусымынан 30 тамызына дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері келеді.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеуді сұрайды.

Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануды ұсынады. Сондай-ақ, карантин режиміне байланысты жолаушылардан жол бойында және елдегі вокзалдарда бетперде режимін сақтап жүрулерін сұраймыз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА