USD
USD
USD

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті.

Қоштасу рәсімі
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Қазақстан Жазушылар одағының хабарлауынша, ақынды ақтық сапарға шығарып салуға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, замандастары мен жыр сүйер қауым жиналды.

Сондай-ақ қаралы жиынға Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және басқа да мемлекет қайраткерлері қатысты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын оқып берді.

«Сондай-ақ ақынмен қырғызстандық жазушы Шолпонбек Абыкеев қоштасып, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың көңіл айту сөзін жеткізді», – делінген Одақ хабарламасында.

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов, бұған дейін хабарланғандай, Кеңсай зиратына емес, өзінің туған жерінде жерленетін болды. Ақынның жаназасы ертең, 22 сәуірде Түркістан облысы Отырар ауданы Жаңа Шілік ауылында шығарылып, сүйегі Қоғам ауылдық зиратына қойылатын болды.

Бұған дейін ақынның жары Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми өтініш жолдап, Президентке Шахановтың соңғы аманатын жеткізген. Онда ақынның көзі тірісінде туыстары арқылы денесін Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесі маңына қоюды өтінгені айтылған.

Қазір оқып жатыр

«ҚазАвтоЖол» 700 млн долларға дейін несие алады: қаражат қайда жұмсалады?

ҚАЖ

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев