USD
USD
USD

Алматы жастары Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілікке қатысты

2025 жылдың 24 сәуірінде Алматы қаласындағы Райымбек даңғылы бойында орналасқан Орталық зиратта кезекті экологиялық сенбілік өтті.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Іс-шараға қаланың әр ауданындағы комьюнити-орталықтардың өкілдері қатысып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мемориалдық аймағын тазалады.
Сенбілік жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, биылғы жылы 80 жылдығы аталып өтетін Ұлы Жеңіске арналды.

Шараға 200 астам жас атсалысып, ардагерлер ескерткіштерінің айналасын тазалады.

Бұл шараның тәрбиелік маңызы зор. Қанымен, жанымен жеңіс үшін күрескен ата-бабаларымыздың ерлігін есте сақтау – бүгінгі ұрпақтың борышы. Тазалық пен тәртіпке мән беру – салауатты қоғамның кепілі.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Қатысушылардың бірі, Алмалы ауданынан келген волонтер Байгабылов Елдар:«Бүгін біз тек сенбілікке келген жоқпыз, біз тарихқа тағзым етуге келдік. Менің атам да соғысқа қатысқан. Бұл жерге келу – мен үшін үлкен құрмет», – деп бөлісті.

Тағы бір қатысушы, Жетісу ауданы комьюнити орталығының жетекшісу Әбдіхалық Есен былай деді:«Жастардың осындай шараларға белсенді қатысуы маңызды. Біз тек тазалық орнатып қана қоймай, рухани тәрбие алып жатырмыз».

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті