USD
USD
USD

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша үй алатындардың тізімі шықты

Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды аяқтады.

Баспана, Алматы жастары бағдарламасы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. 29 шілдеден 7 тамызға дейін 7072 өтінім берілді, бұл жастардың бастамаға деген үлкен қызығушылығын көрсетеді.

Тұрғын үй сатып алуға кемінде 1200 несие беру жоспарланған. 7072 өтінімнің 1924-і мақұлданды. Көбі білім беру (2434) және денсаулық сақтау (1662) салаларына келіп түсті.

1200 өтінім беруші «Отбасы банк» АҚ-нан төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама алады, содан кейін 45 күн ішінде тұрғын үйді таңдай алады. 724 адам резервтік тізімде болады, ал 5148 адам түрлі себеппен, соның ішінде бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуге байланысты құжаты қайтарылды.

Құжаттың қайтарылудың негізгі себептері жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, тұрғын үйге қажетті анықтамалардың болмауы, өтініш берген сәтте тұрғын үйдің болуы, соңғы 6 айдағы зейнетақы жинақтарының болмауы және т.б.

Толық ақпаратты www.almaty-zhastary2024.kz сайтынан білуге болады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт