USD
USD
USD

Алматы тұрғыны ChatGPT көмегімен полиция департаментін сотта жеңіп шықты

Алматының 23 жастағы тұрғыны Кенжебек Исмаилов желідегі парақшасында жол жүру ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдың күшін жоюға ChatGPT-дің көмегін пайдаланғанын жазды. 

ChatGPT
Фото: Кенжебек Исмаилов

Алматы, NEGE. Кенжебек Исмаилов Алматы полиция департаментіне қарсы сотта жеңіске жеткен. Өткен жылдың желтоқсан айында оған жол ережесін бұзғаны үшін 5800 теңге айыппұл салынады. Ол айыппұлды төлеп қойғаннан кейін оның кінәсіздігін дәлелдейтін видео қолына түскен. Исмаилов арыз жазғанымен, полиция оны қабылдамай қояды. 

Осы жағдайда кейін ол құқықтық көмек алу үшін ChatGPT-ге жүгінеді. 

«ChatGPT біздің заңды құқығымызды біледі және заңгер сияқты кеңес бере алады. Мен сотқа ақша үшін емес, азаматтық құқығымды қорғау үшін бардым. Келесі жолы қызметкерлер өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтын болады», - деп жазады Алматы тұрғыны.

Сот Исмаиловтың пайдасына шешім шығарып, айыппұлды жойды. Енді жеңіске жеткен соң, Кенжебек азаматтық сотқа жүгініп, өтемақы талап етпек. 

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

Зарина Дияс

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Temu

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев