2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Алматы тауларында жоғалып кеткен студенттің мәйіті табылды

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалып кеткен Нұрислам Ақылбектің қаза тапқанын растады.

Нұрислам Ақылбек
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Бүгін сағат 07:30-да Алматы тауларында ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен теңіз деңгейінен 3000 метрден астам биіктікте адам мәйіті табылды.

Алматы құтқару қызметінің мәліметінше, құтқарушылар табылған орынға жедел түрде аттанып, мәйітті тасымалдау жұмыстарын бастады. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

«Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

6 шілде күні сағат 11:46-да Төтенше жағдайлар департаментіне 2007 жылғы азаматтың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Туыстарының айтуынша, Нұрислам 2 шілдеде тауға шығып кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ РЖҚЖ мен ТЖД-ның 44 құтқарушысы, 109 Құтқару қызметі, шекара қызметі мен полиция қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ 8 техника, дрондар, 4 ит және ҚР ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер