USD
USD
USD

Алматы тауларында үнді студенттері құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары Үндістанның екі азаматын эвакуациялады.

Елнұр Ахметов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Бостандық ауданында теңіз деңгейінен 3336 метр биіктікте ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару операциясын жүргізді.

Құтқарушылар тауға шығып, өздігінен түсе алмаған, 2001 және 2003 жылғы Үндістанның екі азаматына көмекке келді. ҚР РЖҚЖ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, азаматтарды таудан түсіріп, қалаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

— Біз шетелдік студенттерміз. Біз Алматы шыңына бардық, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытында қайта алмадық. Біз қатты суықтан тоңып қалдық. Алайда, қазақстандық құтқарушылардың арқасында біз құтқарылдық. ТЖМ қызметкерлері бізді қатты жел мен суықтан құтқарды, — деді студенттер.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы