Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы тауларында туристер мен балалар шұғыл эвакуацияланды

Алматы маңындағы тауда құтқарушылар арасында үш бала бар туристер тобын шұғыл эвакуациялады.

Балалар
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Түнгі уақытта министрлікке Букреев шыңына (3010 м) көтеріліп бара жатқан туристік топ жайлы хабарлама келіп түскен. Ақпаратқа сәйкес, топ құрамындағы 8 жастағы бала өзін жайсыз сезінген.

«Баланың жүрек соғысы жиілеп, басы айналып, әлсіздік байқалды. Бұл – биіктікке бейімделу қиындықтарының алғашқы белгілері», – деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Республикалық жедел-құтқару жасағы дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісіп, Бутаков шатқалының қиын учаскесінен жаяу жүріп өтті. Кейін таулы аймаққа көтеріліп, туристер тобын тапты.

«Туристер маршрут бойында анықталды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық, сол сәтте ол ұйықтап жатқан», – деп нақтылады ведомство.

Құтқарушылар баланы ересек адамның еріп жүруімен қауіпсіз аймаққа жеткізіп, дәрігерлерге табыстады.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел