USD
USD
USD

Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті

20 жастағы жігіт таңертең тауға шығып, қайтып оралмаған. Ол тауда жүргенде жаңбыр мен бұршақ жауып, 4000 метр биіктікте қар түскені белгілі. 

Алматы
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Іздестіру жұмыстары 4147 метр биіктіктегі «Жастар» шыңының маңында басталды. Операцияға «Медеу» құтқару бекетінен Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары және «Тұйық-Су» бақылау-құтқару пунктінің құтқарушылары жұмылдырылды. «Жастар», Титова және Т1 шыңдары тексерілген, алайда жігіт табылмады», - деп хабарлады ТЖД.

Қазіргі уақытта Мыңжылқы шатқалында жедел штаб құрылған, іздестіру жұмыстары дрон және иісшіл иттер арқылы жүріп жатыр.

«Қазавиақұтқару» тікұшағы ұшуға дайын болғанымен, ауа райының қолайсыздығы — 1800 метрден жоғары бұлт, найзағай және секундына 20 метрге дейін жететін жел әуе көлігінің көтерілуіне кедергі келтіріп отыр», - деп мәлімдеді ТЖД.

Қазір оқып жатыр

ERG Бразилиядағы темір кені активтерін сатуға жақын – БАҚ

ERG

«Ғажайып ғасырдағы» Сүлеймен сұлтан Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі

.

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк

Жарты жылға созылған жөндеу: қытайлық көліктер сервисі неге ақсап тұр?

авто