USD
USD
USD

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

Бұған дейін журналистер заңгер Әділетхан Молдаханның ісі қаралған Алмалы аудандық сотында «БАҚ өкілдерін кабинетке қамап, олардың жұмысына кедергі келтірді» деп мәлімдеген болатын. Алматы сотының баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарды.

журналистерді қамап қойған
Фото: yandex.kz

Астана, NEGE. Қалалық сот өкілдерінің мәлімдеуінше, журналистерді ешкім әдейі сыртынан қамап қоймаған. Олардың айтуынша, журналистердің соттан ақпарат таратуына тыйым салынбаған, тек оларға арнайы кабинет бөлінген, алайда сол кабинеттің есік тұтқасы сынып қалған.

Соттың баспасөз қызметі журналистердің «кеше де осындай жағдай болды» деген сөзін де жоққа шығарды. 

Бұл ретте сот өкілдері сот процесінің ашық түрде өткенін, ақпарат таратуға ешқандай кедергі келтірілмегенін атап өтті. Олардың түсіндіруінше, заңға сәйкес, журналистер процесті сот залынан және арнайы бөлінген кабинеттен бақылай алады, тек дәлізде ақпарат таратуға тыйым салынған. 

Еске салсақ, бүгін, 3 шілдеде Алмалы аудандық сотында заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бүгін қылмыстық іс бойынша үкім шығарылуы тиіс болған, алайда прокурор айыптау бабын өзгертуді сұрағандықтан, үкім кейінге қалдырылды. Келесі сот отырысы 9 шілдеге белгіленді.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу

Аида Балаева Президентке халықтың тұрмыс сапасы жөнінде есеп берді

Тоқаев, Балаева