USD
USD
USD

Алматы-Сочи рейсінен мас жолаушы шығарылды

Жолаушы мас күйінде бортқа шығып, полицияға бағынбағаны үшін рейстен шығарылып, қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

әуе
Фото: poehalisnami.kz

Алматы, NEGE. Ішкі істер министрлігінің дерегіне сенсек, жолаушы Алматыдан Сочиге ұшпақ болған. Ұшаққа отырғызу кезінде ол мас күйінде болған. Авиакомпания қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтып, агрессивті мінез көрсетіп, түсініктемелерге жауап бермеген.

"Тұтқындау кезінде әйел полицияның талабын орындамаған. Әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері оның үстінен мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны, ұсақ бұзақылық жасағаны және тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Материал сотқа жіберілді", – деді ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат бұған дейін де биыл алкогольдік ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

 

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов