USD
USD
USD

Алматы полициясы түлектер мен ата-аналарға үндеу жасады

Алматы полициясы жас түлектер мен ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Бұл күндері қаланың жалпы білім беретін мектептерінде мектеп бітірушілерге орта білім туралы аттестат тапсыру рәсімі өтіп жатыр.

– Бұл күнді жақсы көңіл-күймен аяқтау өте маңызды. Сондықтан полицейлер қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған бірқатар шараны қолға алды. Қызметтер мен бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіру, жағдайдың ықтимал өзгерістеріне дер кезінде ден қою үшін біздің бөлімшеде жедел штаб құрылды. Патрульдік жасақтарды орналастыру және профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Сонымен қатар бұл шаралар кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сонымен қатар Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырады.

– Егеменді елімізге білімді, заңға бағынатын, дені сау, ар-ожданы жоғары жастар қажет екенін әрбір ата-ананың есіне салғым келеді, – деді Шумаев.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар