USD
USD
USD

Алматы полициясы Оразалы Ержановтың ұсталу себебін түсіндірді

Оразалы Ержановтың үстінен сайлау құқықтарын іске асыруға кедергі келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оразалы Ержанов
Фото: instagram.com/urazaly_yerzhanov

Астана, NEGE. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Оразалы Ержановтың қамауға алынуына қатысты ресми түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерде шетелдік юрисдикцияда тіркелген байланыс нөмірлерін пайдалану арқылы шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар, референдумды бойкоттауға шақырулар және азаматтарды жаңылыстыруға бағытталған өзге де мәліметтер жарияланғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру фактісі негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталды. Ол – Алматы қаласының тұрғыны», – делінген полиция хабарламасында.

Оның әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға тергеу нәтижесінде, жарияланымдардың себептері мен мән-жайлары толық анықталғаннан кейін берілмек.

Бұл ретте полиция өкілдері азаматтардың өз пікірін білдіруі және ұстанымын ашық жеткізуі заң бұзушылық болып саналмайтынын еске салып өтті.

«Жауапкершілік тек қана көрінеу жалған ақпарат таратуға, фактілерді бұрмалауға, азаматтарды әдейі жаңылыстыруға, қоғамдық ахуалды тұрақсыздандыруға, азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруына немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіруге бағытталған әрекеттер үшін көзделген», – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін, 26 ақпанда белгілі қоғам қайраткері Оразалы Ержановтың 10 тәулікке қамауға алынғаны туралы ақпарат шықты. 

Қазір оқып жатыр

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи