USD
USD
USD

Алматы полициясы героиннің аса ірі партиясын тәркіледі

Алматы полициясы героиннің аса ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 60 жастағы ер адамды ұстады. Жеке тінту кезінде күдіктіден ақшыл түсті ұнтақты зат салынған екі бума табылды және тәркіленді.

– ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғанның тұрғылықты жерін тінту кезінде ашық түсті ұнтақты заты бар тағы бір бума тәркіленді. Жатын бөлмеден кереует астынан екі Байкал пневматикалық және травматикалық тапанша және 12 калибрлі бір ұңғылы шолақ мылтық табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат героин есірткі заты болып шықты. Қарудың кімдікі екендігі анықталып жатыр, — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Ұсталған азаматтың бұрын да осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет сотталғандығы белгілі болды.

Тергеу барысында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер