USD
USD
USD

Алматы полиция бастығының бұрынғы орынбасары Қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау дерегі бойынша ұсталды

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау фактісі бойынша ұсталды.

Берік Әбілбеков
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Бас прокуратурамен 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі.

Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Әбілбеков ұсталды», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында. 

ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.