USD
USD
USD

Алматы облысының жолдарында Sergek Patrol бақылауды бастады

Алматы облысының жолдарында Sergek Patrol іске қосылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Sergek Patrol
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдардағы апатты азайту мақсатында инновациялық технологияларды енгізуде – жасанды интеллектпен жабдықталған Sergek Patrol мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені бар патрульдік автомобильдер пайдалануға берілді.

– Бүгінде мобильді АБК екі автомобильде орнатылған, оларды 10 патрульдік машинада пайдалану жоспарлануда. Sergek Patrol жылдамдықты арттыру, жол белгілерін сақтамау және дұрыс емес тұрақ сияқты бұзушылықтарды автоматты түрде түсіру үшін жетілдірілген камералар мен радарлармен жабдықталған. Жүйені енгізу жол бақылауының тиімділігін арттыруға, жүргізу мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ облыс жолдарындағы апаттылықты азайтуға бағытталған, – деп атап өтті Алматы облысы ПД ППБ командирі Дархан Байшоинов. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдалануға жаңа шектеулер енгізілмек

әлеуметтік желілер

Арман Қырықбаев 274-бапты жеңілдету мәселесіне пікір білдірді

.

Көңілдесіне Cartier немесе отбасымен демалыс: министр шенеунікті қай кезде рұқсатсыз фото-видеоға түсіруге болатынын түсіндірді

Арман Қырықбаев

Депутат әлеуметтік желіде балағат сөз айтқандарға ірі көлемде айыппұл салуды ұсынды

Гүлзира Атамбаева