USD
USD
USD

Алматы облысының тұрғыны үй алып беремін деп азаматтарды сан соқтырған

Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны Талдықорған тұрғындарын тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деп сан соқтырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде және ХҚКО-ларында (Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы) бола отырып, ол тұрғын үй сатып алуда қиындықтарға тап болған адамдарға өз көмегін ұсынған, өз қызметі үшін ер адам мүлікті сатып алғысы келетіндерден 400 мың теңгеден 3 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі ақшалай соманы алып отырған.

Осылайша, ол қысқа уақыт ішінде қаланың 17 тұрғынын жалпы сомасы 24 млн теңгеге алдады. Сот ер адамды ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

– Қазіргі уақытта сотталған адам Семей қаласының қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол еңбекке жарамды. Ай сайын алып отырған жалақысынан талаптарды төлейді, – дейді САТжӘПБ бөлімінің бастығы Мақсұт Бақытбек.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов