USD
USD
USD

Алматы облысының тұрғындары түнгі аспаннан белгісіз жарықтарды байқады (видео)

Алматы облысы Талғар тұрғындары түнгі аспаннан белгісіз жарықтарды байқаған. 

Талғар
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. 13 маусымға қараған түні көрінген аспандағы құбылысты тұрғындар видеоға түсіріп алған. 

Видео kris_p_talgar парақшасында пайда болды.

Әлеуметтік желіде аспандағы ерекше құбылысқа қатысты тұрғындар әртүрлі болжам айтып жатыр.

Ал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тұрғындардың спутник фрагменттерінің жанып жатқанын байқағанын түсіндірді.

«Фесенков атындағы астрофизикалық институт мамандарының айтуынша, әдеттен тыс құбылыс Жер атмосферасына түскен кезде құлаған спутниктің фрагменттерінің жануы деп түсіндірілді. Бұл жер атмосферасына 13 маусымда қонуы керек деп болжанған Starlink-31469 спутнигі болуы мүмкін», – деп түсіндірді департаментте.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ