USD
USD
USD

Прокуратура Талғарда болған 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Алматы облысының прокуратурасы Талғарда болған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады.

Шерзат Болат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында төбелес болып, қаланың 16 жастағы тұрғыны пышақталып қайтыс болды, екі азамат ауыр дене жарақатын алды.

«Біз қоғамдық толқуды түсінеміз және отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Прокуратура органдары адам өлтіру туралы бұл істі ерекше бақылауға алынғанын ресми түрде хабарлайды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен жеті күдікті қамауға алынып, сот 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Барлық азаматтарды осы қылмысқа қатысы бар адамдарды жауапкершіліктен алып тастауға ешқандай әрекет жасалмайтынына сендіреміз. Тергеуге көмектесетін кез-келген ақпаратпен прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз», - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының Талғар ауданында бір топ адам ата-анасының көзінше 16 жастағы баланы пышақтап өлтірген болатын. Сол күні ер адам дүкеннен алған затының ақшасын төлемеген. Дүкен иелері сыраның ақшасын төлеуді талап еткенде, сырттан бір топ адам келіп дүкенннің иелерін соққыға жыққан.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум