USD
USD
USD

Алматы облысының колониясына ішімдік пен телефон лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 мекеме аумағына тыйым салынған заттарды лақтыруға тырысқан ер азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды. Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 мекеме қызметкерлері өткізілген іс-шара барысында алкогольды ішімдік пен телефондарды колония аумағына лақтырмақ болған ер адамды ұстады.

Оқиға орнынан скотчпен оралған 6 түйіншек және сұйықтыққа толы 3 пластикалық бөтелке анықталды. Түйіншек ішінен 12 дана әр түрлі телефон, 4 қуаттағыш құрылғы, 1 wi-fi роутері және спирт иісі бар 2.5 литр көлемінде сұйықтық тәркіленді.

– Ұсталған адамның жеке басы анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қалалық полиция бөліміне жіберілді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Бакытжан Шарипбеков.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев