USD
USD
USD

Алматы облысының әкімі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесіне барып, құрылыс барысымен танысты.

Алматы облысы әкімдігі
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жоба аясында ұзындығы 74 шақырым болатын «Кеген–Нарынқол» жолының 0–37 және 37–74 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтуде. Мердігер мекеме – «Нұрлы жол – 7» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «KZ Стройэксперт» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны – 8,002 млрд теңге.

Қазіргі уақытта нысанда 7 мың м³ қиыршық тас дайындалған. 4 шақырым жолда *ресайклирлеу* жұмыстары жүргізіліп, 2 шақырымда жол жабындысының төменгі қабаты төселді. Құрылысқа 44 техника мен 71 адам жұмылдырылған.

Алматы облысы
Фото: gov.kz

Аймақ басшысы жобаның іске асырылу қарқынына назар аударып, жұмыстарды жеделдетуді және бөлінген қаражатты тиімді игеруді тапсырды. Ол жол сапасының жергілікті тұрғындар үшін аса маңызды екенін атап өтіп, халықпен кездесулерде көтерілген инфрақұрылым мәселелерінің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі