USD
USD
USD

Алматы облысындағы өткелде жүк пойызы жол талғамайтын көлікті соқты

Қазақстанда теміржол бойында көлік құралдарының қатысуымен тағы бір жол-көлік оқиғасы болды. 

Жүк пойызы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл жолы жол апатына Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі себепкер болды. Ол Алматы облысындағы теміржол өткеліне шығып кеткен. Оқиға 2025 жылдың 15 маусым күні таңертең болған.

«Реттелетін теміржол өткелінде (Жетіжген – Алтынкөл учаскесіндегі Жінішке су – Шелек аралығы) автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, жүк пойызымен соқтығысқан», – деп мәлімдеді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Қаза тапқандар жоқ. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі қолын сындырып, жарақат алған. Пойыз қозғалысы 30 минутқа кешігіп, қайта қалпына келтірілді.

ҚТЖ өкілдері 2025 жылдың басынан бері теміржол өткелдерінде 23 жол апаты тіркелгенін еске салды. Олардың негізгі себебі – автокөлік жүргізушілерінің жол ережесін сақтамауы.

Қазір оқып жатыр

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу