23 Ақпан 11:53
...

Алматы облысында 170 бала қираған ғимаратта тұрып жатыр

Мектеп интернат
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы облысындағы И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатта 170 бала жартылай қираған ғимаратта тұрып жатыр.

Алматы, NEGE. «Кеше Алматы облысында «Балалар қорғауда» қорының жетекшісі Жанна Ахметовамен бірге И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатындағы балалардың өмір сүру жағдайын зерттедік. 6 жастан асқан 170 бала интернатта ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр. Үш жыл бұрын мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары басталғанымен, мердігер оны аяқтамаған. Соның салдарынан балалар жартылай қираған ғимаратта тұруға мәжбүр. Оқу корпусында түнеп, спортзалда тамақтанады. Ал санитарлық-гигиеналық нормалар бұзылуда» – деп жазды ол.

Балалар жөніндегі уәкілдің айтуынша бұл мәселені Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесу барысында талқылаған.

«Әкімдік жөндеу жұмыстарын аяқтау немесе жаңа интернат салу мәселесін қарастырған. Алайда балаларды қазіргі қиын жағдайда қалдырмай, оларды жақында жөндеуден өткен және бос орындары бар басқа интернатқа көшіру туралы шешім қабылданды» – деп жазды Динара Зәкиева.