USD
USD
USD

Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақтағы ұшқыштардың туыстары Тоқаевтан көмек сұрады (видео)

2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоғалып кеткен әскери EC-145 тікұшағының экипажының туыстары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Қорғаныс министрі мен Төтенше жағдайлар министріне үндеу жолдады. Олар тікұшақты іздеу жұмыстарын жеке бақылауға алуды сұрап отыр.

Тікұшақ
Фото: коллаж

Алматы, NEGE. Мұны бұрынғы депутат, блогер Тәңірберген Бердоңғаров мәлімдеді.

«Жоғалып кеткеніне көп уақыт өтті, бірақ отбасы әлі күнге дейін нақты ақпарат немесе ресми түсініктеме алған жоқ. Біз әр минут сайын алаңдап жатырмыз, үйде оларды балалары, ата-анасы, әйелі күтіп отыр. Іздеу аймағында не болып жатқанын, оның нәтижесі қандай, олардың тірі ме, жоқ па, білмейміз», – дейді олар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ТЖМ жоғалған тікұшақтың бөлшектері Сорбұлақ көлінен табылғанын хабарлаған еді. Оларды жерсеріктік бақылау арқылы май дағының ізімен анықтаған. здестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 200-ге жуық адам, 40 бірлік техника, 15 су көлігі, 4 кинологиялық есептоп және 2 ТЖМ әуе кемесі тартылған.

Қазір оқып жатыр

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі