USD
USD
USD

Алматы облысында жоғалып кеткен екі бала таудан табылды

Алматы облысында құтқарушылар көшеде ойнап жүріп, жоғалып кеткен 2 баланы табуға көмектесті.

Алматы облысы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, 30 сәуір күні кешке Талғар ауданында екі бала жеке тұрғын үйдің алдында көшеде ойнап жүріп, жоғалып кеткен. Ата-аналар балаларын өздігінен таба алмағандықтан, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Тәуліктің қараңғы уақытына қарамастан түні бойы жалғастырылған іздеу жұмыстарына 2 кинологиялық есептоп пен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды. Бұған қоса, іздеуге балалардың жақындары, жергілікті тұрғындар мен полиция өкілдері қатысты.

«Бірлескен жұмыс нәтижесінде 2020 жылы туған ұл бала үйден 3 км қашықтықта таулы аймақтан түнде табылды. Ал 2015 жылы туған әпкесі Қотыр деген таулы аймақтан 10 км жерден таңертең табылды. Балалар дәрігерлердің қарауынан кейін ата-аналарына табысталды», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық