USD
USD
USD

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

1 мамыр күні Астана уақытымен 08:19-де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

жер сілкінісі
Фото: Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жер сілкінісінің параметрлері:

• Күні мен уақыты: 2025 ж. 1 мамыр, 08:19 (Астана уақыты)

• Эпицентр координаттары: 42.843° с.е., 79.332° ш.б. •

Ошағының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара ауылынан 10 км қашықтықта, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 км жерде.

• Эпицентрдегі есептік қарқындылығы: Сезілмеген есептеу бойынша, бұл жер сілкінісін халық сезбеген және қауіп төндірмейді.

Осы орайда Алматы облысы ТЖД жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды атады:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз. Жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);

Көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев