USD
USD
USD

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматы облысында қайғылы жол апаты болды. 

жол апаты
Фото: ғаламтордан

 Алматы, NEGE. Алматы – Өскемен тасжолында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам оқиға орнында жан тапсырды.

Оқиға 11 маусым күні Алматы – Өскемен автожолының 75-шақырымында болды.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Hyundai H 350 маркалы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Соққы салдарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Полиция алдын ала тергеуді бастады. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият болуға үндеді.

Көлік жүргізушілеріне түнгі уақытта жылдамдықты азайтып, жаяу жүргіншілер кенеттен пайда болуы мүмкін орындарда аса сақ болуды ескертті. Ал жаяу жүргіншілерге жолды тек арнайы белгіленген жерлерден кесіп өтіп, жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда «ҚыздарНет» сайтына қатысты алғашқы үкім шықты

.

Партиялар неге бір-біріне шүйлікті?

Құрылтай

Kaspi.kz Джеки Чанның «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмі түсірілімдерінің бас серіктесі болды

.

Vietjet Qazaqstan Ресейге ұшатын рейстерін уақытша тоқтатты

Әуе рейсі