USD
USD
USD

Алматы облысында жас қыз өз-өзіне қол салды

Жамбыл аудандық полиция бөлімінің "102" пультіне Қарғалы ауылында жас қыздың суицид жасамақ болғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түскен.

жәрдем
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қаңтарда жапа шегушінің құрбысы осылай деп дабыл қаққан.

"Аталған мекенжай бойынша шақыртуға патрульдік полиция жасағы кезекшілігіндегі Ернар Құттыбаев пен Нұрбол Картанбаев аттанды. Оқиға орнына келген полицейлер үйдің есігі құлыптаулы екенін анықтады. Көп ойланбай, олар терезені сындырып, ішке кіруге шешім қабылдады. Бөлмелердің бірінде тәртіп сақшылар тамырларын кескен жас қызды тапты. Полицейлер жәбірленушіні дереу түрде ауыр жағдайда ауылдық ауруханаға жеткізді", – деп жазылған ведомство дерегінде.

Кейін дәрігерлер жағдайды тұрақтандыра алғаны, қазір зардап шегушінің жалпы бөлімге ауыстырылғаны нақтыланады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank