USD
USD
USD

Алматы облысында жаңбырдан соң аулалар мен жолдарды су басты

Алматы облысының Жаңаталап ауылында нөсер жаңбыр салдарынан көлбеу ағын пайда болды. Салдарынан жолды және оннан астам ауланы су басып қалды, деп хабарлады ТЖД.

Төтенше жағдай
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2024 жылғы 23 тамыз күні сағат 16:30-да Алғабас ауылдық округінің Жаңаталап ауылында жауын-шашынның көп түсуі салдарынан көлбеу ағын пайда болды. Салдарынан жергілікті маңызы бар Алматы-Алғабас автокөлік жолының жиегі жартылай шайылып, 11 үй ауласынан ағын су жүріп өтті. Осы автожол бойынша көлік арқылы жол жүру тоқтатылған жоқ. Жылдамдық режимін реттеу мақсатында ТЖ орын алған жерже жергілікті полиция қызметі орналасқан.

"Көлбеу ағын транзитпен өтті, су деңгейі төмендеді, су басу қаупі жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Жағдай бақылауда", -делінген ведомствоның хабарламасында.

Көшелер мен аула аумақтарынан суды сору және бұру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-дан 52 қызметкер және 23 техника, оның ішінде 15 мотопомпа жіберілген. 

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов