USD
USD
USD

Алматы облысында зейнетақы жинақтарын шешіп беремін деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды

Алматы облысында зейнетақы жинақтарын шешіп беремін деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы облысының полицейлері Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарын сан соқтырған алаяқты құрықтады. Аудандық полиция бөліміне бірнеше ауыл тұрғыны шағымданып, белгісіз әйелдің сенімдеріне кіріп, зейнетақы жинақтарын шешіп беремін деген желеумен қомақты қаржыларын иемденіп кеткенін мәлімдеген.

Күдіктінің жасы – 35-те. Ол жәбірленушілерге зейнетақы қорындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып беремін деп уәде беріп, артынша байланыссыз кеткен.

Қазіргі таңда алаяқтың әрекетінен келген жалпы шығын көлемі бес миллион теңгеден асып отыр.

 – Бүгінде 40-тан астам алаяқтық фактісі тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті Алматы қаласында ұсталды. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді полиция департаментінен.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқанын хабарлады.

 Полиция басқармасы азаматтарға зейнетақы жинақтарын шешіп беру, несие рәсімдеу немесе салымдарды қайтару сынды қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Зейнетақы қорына қатысты барлық сұрақтар тек ресми мемлекеттік органдар арқылы шешілуі тиіс.

Қазір оқып жатыр

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

ұрлық

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

АХҚО соты

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

Жолаушылар пойызы

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

грин-карта