USD
USD
USD

Алматы облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің және Алматы облысының полиция департаментінің қызметкерлері ауқымды операция барысында елімізге заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Заңсыз арнаны шетел азаматтары ұйымдастырғаны анықталды. Қаскөйлер Қазақстан Республикасының аумағына шетел азаматтарын заңсыз кіргізу, транзитпен өткізу және заңдастырумен айналысқан.

Топ мүшелері бұл "қызметтері" үшін әрбір мигранттан 150 мыңнан 700 мың теңгеге дейін сыйақы алып отырған. Арнайы іс-шаралар барысында ұсталғандардан ондаған шетелдік төлқұжаттар, медициналық сақтандырулар, жалған құжаттар, сондай-ақ есірткі заттары мен діни әдебиеттер тәркіленді. Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, алаяқтық және есірткі құралдарын заңсыз сақтауға қатысты алты қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі